Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі ҚР Президенттік орталығына барған кезде Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30-жылдығына арналған «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты қор көрмесінің ашылуы өтіп жатты
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі ҚР Президенттік орталығына барған кезде Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30-жылдығына арналған «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты қор көрмесінің ашылуы өтіп жатты.
Іс-шараға ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР уәкілетті орталық мемлекеттік органдарының, ҚР Парламент екі палатасының депутаттық корпусының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ шет елдердің дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты. Құттықтау сөз ҚР ұлттық банкінің алғашқы төрағасы Ғалым Байназарұлы Байназаровқа берілді.
Көрмеде қазақстандық валютаға дүниежүзілік даңқ пен халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын берген, теңгенің алғашқы үлгілерінен бастап инвестициялық және коллекциялық монеталар, банкноттарды қамтитын қазақстандық нумизматика топтамасы ұсынылды. Ұлттық валютаның заманауи үлгілерімен қатар, көрмеде VIII – XIV ғғ. тиесілі ежелгі Қазақстанның түпнұсқа монеталары қойылған.
Көрме келесідей тақырыптық топтар бойынша жүйеленген: Қазақстанның ежелгі монеталары, ұлттық валютаны қалыптастырудың алғышарттары, халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық, ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы, коллекциялық, инвестициялық және естелік монеталар.
Көрмеден кейін әріпстестеріміз экскурсия жетекшісімен бірге залдарды аралап, сұрақтарын қойды. ҚР президенттік орталығы қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап бере алды.
Құрылған күні: 13.11.2023 12:55
Жаңартылған күні: 13.11.2023 12:58
Қаралым саны: 624