Қайырлы күн достар, бұл видеода Маринов тарихи-өлкетану музейі көрсетілген. Осы орайда, музейдің тарихына тоқтала кетуді жөн көрдік
Қайырлы күн достар, бұл видеода Маринов тарихи-өлкетану музейі көрсетілген. Осы орайда, музейдің тарихына тоқтала кетуді жөн көрдік.
Музей 1967 жылы Мариинск көтерілісінің халық музейі ретінде құрылып, ауыл Мәдениет үйінің 2 қабатында орналасты. 1977 жылы Маринов ауданының ашылуымен байланысты музей аудандық тарихи-өлкетану музейінің мәртебесін алды.
1986 жылдан бастап музей жалпы ауданы 1449 шаршы метр үш қабатты ғимаратта орналасады. Музейдің алғашқы директоры Усик Сергей Никонорович болады. Стационарлық экспозиция 1987 жылдан бері жұмыс істейді және келесі залдардан тұрады: өлкенің табиғаты, палеонтология, археология, қазақ халқының мәдениеті және тұрмысы, Қазақ хандығы, азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы, ұжымшар құрылысы, тың жерді игеру, 70-80 жылдар, қазіргі заман.
Құрылған күні: 16.11.2023 22:35
Жаңартылған күні: 16.11.2023 22:38
Қаралым саны: 690