Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

2023 жылдың 24 қарашасында Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ақан сері Қорамсаұлы: өмірі, тағдыры, мұралары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлаған болатын

2023 жылдың 24 қарашасында Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ақан сері Қорамсаұлы: өмірі, тағдыры, мұралары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлаған болатын

2023 жылдың 24 қарашасында Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ақан сері Қорамсаұлы: өмірі, тағдыры, мұралары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлаған болатын.

Бұл шараның мақсаты: Ақан сері Қорамсаұлының зерттелмеген ғылымға беймәлім тұстарын зерделеуге бет бұрыс жасау. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты соңғы деректер турасында пікір алмасу.

Конференцияда Ақан серінің тағдыры мен шығармашылығына байланысты өзекті тақырыптар талқыланып, аталмыш мәселелерге қатысты ғылыми ұсыныстар қабылданады. Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтеді:

• Ақан серінің арғы тегі, үш жұрты, шежіресі;

• Ақан сері және арқаның сал-серілік дәстүрі;

• Ақан сері және ел мен жер тағдыры;

• Кеңестік идеология және Ақан бейнесі;

• Ақан серінің көркем әдебиеттегі бейнесі;

• Ақан серінің ғылымдағы зерттелуі ;

• Ақан әндерінің тарихилығы және табиғаты;

• Ақан сері және дін мәселесі .

Конференция аясында осы тақырыптарды зерттеп жүрген тарих, әдебиет ғылымдарының профессорлары мен жанашырлары белгіленген бағыттарда өз зерттеулерімен бөлісіп, пікір алмасатын болады.

Яндекс.Метрика

A+AA-