Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Бүгін сағат 15:00-де Мәжіліс залында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Желтоқсан 1986-Көкшетау» қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті.

Бүгін сағат 15:00-де Мәжіліс залында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  «Желтоқсан 1986-Көкшетау» қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты   өтті.
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік қадірін ұғындыру, елімізде ынтымақ пен бірлікті қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың еліне, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Желтоқсан қатысушыларын марапаттау. 
Шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы Алмас Алин, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Ғалымтай Төлепбергенов,   белгілі жазушы-драмматург, қоғам қайраткері «Ақмола Тіршілік» ЖШС   директоры Жабал Ерғалиев, Қоғамдық келісім сарайының басшысы Ермек Нұғыманов, желтоқсан қатысушысы,  Алматы қаласынан келген  Қайыргелді Күзембаев, «Тәуелсіздік 1986-Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласынан келген  Бақыт Байниязов, Желтоқсан ардагері, «Желтоқсан 1986» қоғамдық бірлестігінің орынбасары, Тараз қаласынан Исмаил Қажымұратов, Желтоқсан қатысушысы, «Желтоқсан 1986- Көкшетау» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұрат Асаров, сондай-ақ,  білім ордаларының ғалымдары мен студент жастары  қатысты.
Шара барысында, кеш қонақтарына сөз беріліп, Желтоқсан ардагерлері ұйымының куәлігі мен белгісі табысталды. 
Кеш соңында келген қонақтардан бұқаралық ақпарат өкілдерімен сұхбат алынып, кездесу ән шашумен  аяқталды.

Яндекс.Метрика

A+AA-