Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы
Бүгін, 4 қазан күні, Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінде ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшелері мен Ақмола облысы музейлерінің ғылыми қызметкерлері қатысқан кезекті ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. АОТӨМ табиғат және экология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Д.М.Сұлтан мен археолог-маманы Ж.К.Укеев «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» жобасы мен «Есіл-Шағалалы өзенаралығындағы қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу» кіші жобасының 1-ші кезеңінің нәтижелерін жасады. «Есіл.Бастау көзінен тармақтарына дейін» жобасының аясында тамыз айында кешенді тарихи-этнографиялық экспедициясы өткен болатын. Экспедицияның жинақтау жұмысының барысында 120-дан астам музейлік мағынасы бар заттар жиналды. Отырыста ең қызықты жәдігерлерді қор бөлімінің аға ғылыми қызметкері Д.Т.Жакупова ұсынды. Сондай-ақ, Көкшетау қ.тарихы музейінің ғылыми қызметкері С.Н.Жанашева «Көкшетау қ. көшелерінің тарихы» және Атбасар тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы Т.С.Қасымжанов «Тұғыры биік тұлға» атты қызықты жобалармен таныстырды.
Құрылған күні: 04.10.2018 20:26
Жаңартылған күні: 04.10.2018 20:26
Қаралым саны: 1882