Бүгін Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінде
Бүгін Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінде геолог күніне және Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған "Тастың ғажайып әлемі" атты көрмесі ашылды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Жезқазған қаласының мыстың орасан зор қорын ашқан алғашқы кәсіби геолог-қазақ, Жезді марганец және басқа да кен орындары, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және Тұңғыш Президенті, КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Ленин сыйлығының тұңғыш лауреаты, кеңестік Шығыс республикаларынан КСРО Ғылым Академиясының тұңғыш академигі. Көрмеде Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының аумағында табылған музей қорларынан сирек кездесетін минералдар топтамасы ұсынылған. Қала тұрғындары мен қонақтарын көрмеге келуге шақырамыз. Көрме 19 cәуірге дейін көрсетіледі.
Құрылған күні: 12.04.2024 12:10
Жаңартылған күні: 24.05.2024 16:36
Қаралым саны: 577