Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Болашақты бірге қалаймыз!

Болашақты бірге қалаймыз! 0 Болашақты бірге қалаймыз! 1 Болашақты бірге қалаймыз! 2 Болашақты бірге қалаймыз! 3 Болашақты бірге қалаймыз! 4 Болашақты бірге қалаймыз! 5

Бүгін ұсынылған Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Назарбаев білім беру мен денсаулық сақтауға кеткен шығыстарды ЖІӨ-нің 10%-на дейін жеткізуді тапсырды. Айта кететіні, бұған жақын арадағы 3-5 жыл ішінде қол жеткізілуге тиісті. Сөз тек жай ғана бұл саладағы сапалы өзгерістер туралы емес. ЖІӨ-нің білім беру мен медицинаға арналған 10%-ы – бұл Еуропа мен Солтүстік Американың көшбасшы елдерінің деңгейі.

Егер бұл көрсеткішті Қазақстандағы, Ресейдегі, ТМД мен Шығыс Еуропаның басқа да бірқатар елдерінің қазіргі кездегі шығыстар деңгейімен салыстырса, онда ол орта шамамен үш есеге төмен. 3-4%-дың өзі жеткілікті түрде жақсы деңгей болып саналады. Алайда, Қазақстан адамдарға жақсы өмір сүру сапасын қамтамасыз ете алады деп атап өтті Мемлекет басшысы. Ал қазіргі кездегі отбасының өмір сүру сапасы көбінесе қазіргі кездегі ең жаңа технологияларды пайдалану арқылы дәл қолжетімді емдеу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ балалар жақсы білім алады және оларда тұрақты болашақ болады деген сеніммен анықталады.

Әлеуметтік мемлекеттің қағидаттары барлық салада енгізілетін болады. әсіресе адамдардың әл-ауқаты мен олардың өмір сүру сапасы, қалалар мен шалғай ауылдардағы жайлылық пен қауіпсіздік, кең мағынасында, осы Жолдаудың өзекті идеялары болып табылады. Бұл қағидаттарға сәйкес болу, атап айтқанда, әкімдіктердің, медициналық мекемелердің, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік құрылымдардың жұмысына баға беру белгісі болады. Бұған қоса, әлеуметтік шығыстарды дамыған елдердің деңгейіне дейін өсіру – алдағы перспективаның емес, ең жақын уақыттың міндеті екенін атап өткен маңызды. Айтарлықтай өзгерістер 2019 жылы болуы тиіс. Бұл, атап айтқанда, дәрігерлер мен орта медқызметкерлердің еңбекақыларын, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының өмір сүру деңгейін қозғайды («Мұғалімнің мәртебесі туралы» заң қабылданады). Ірі қалалар мен облыс орталықтарында да, ауылдық аудандарда да әр адам үшін қазіргі заманғы және қымбат тұратын медициналық жәрдемнің қолжетімділігі мәселесінде көп жағымды өзгерістер күтілуде. Кез келген жоғары оқу орнына баға берудің басты белгісі оның түлектерінің жұмыспен қамтылуы, оларды еңбекақысы жоғары жұмысқа орналастыру болады.

Әсіресе, бізге бюджеттік сала қызметкерлері ретінде еңбекақы орта есеппен 35%-ға жоғарылайтыны қуантады.

Яндекс.Метрика

A+AA-