«Қариясы бар үйдің қазынасы бар»
9 қазан күні, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарттар күніне арналған "Қариясы бар үйдің қазынасы бар" атты мерекелік іс-шара музей ардагерлері үшін өткізілді. Қонақтарға «Елбасы және Тәуелсіздік» залы бойынша экскурсия, Станционный кентінің №7 орта мектептің жас әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт, сондай-ақ музыкалық, би конкурстары ұйымдастырылды. Қонақтар әдемі дастархан үстінде әуендетіп, өткен қызықты шақтарын еске алып, бір рахатқа бөленіп қалды. Мерекелік іс-шараның соңында ардагерлерімізге алғыс ретінде сыйлықтар табысталды.
Құрылған күні: 10.10.2018 15:57
Жаңартылған күні: 10.10.2018 15:57
Қаралым саны: 1869