18 мамыр – Халықаралық Музейлер күні.
Бұл күн 1977 жылы Мәскеуде Ресей делегациясының бастамасымен Халықаралық музейлер кеңесінің XI Генералдық конференциясында бекітілген. 1978 жылдан бастап Халықаралық музейлер күні 150-ден астам елде атап өтіледі. Алғаш рет бұл акция 1997 жылы 18 мамыр күні Берлинде өткізіле бастаған, содан бері халықаралық дәрежеге жеткен. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі бұл акцияға 2013 жылы қосылды, содан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.
Акцияның басты мақсаты – келушілерді мәдени және тарихи мұраға арналған жарқын, қызықты бағдарламамен қызықтыру.
"Музей түні -2024" акциясы биыл «Коллекциядағы мұра» музей жобасы аясында өтуде. Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары облыстық музейдің қорындағы музей коллекцияларымен танысты. Олар: қару-жарақ коллекциясы; бас киімдердің коллекциясы, баспа машинкаларының коллекциясы, тұрмыстық заттар және т.б.
«Палитра Синегорья» СҚО шеберлері өздерінің ерекше жұмыстарын ұсынды. Шеберлердің әрқайсысы өз өнерінің негіздерімен таныстырды.
Тек осы түні ғана «Иллюзьон» фотосалоны келушілер әр түрлі кезеңдегі киімдер мен заттарды, костюмдерді киіп,естелік суретке түсті.
«Музей түні -2024» акциясына қатысушыларға концерттік бағдарлама, интерактивті аймақтар, ойындар, байқаулар ұйымдастырылды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің әскери оркестріне ерекше алғысымызды білдіреміз.
Құрылған күні: 18.05.2024 12:45
Жаңартылған күні: 20.05.2024 12:50
Қаралым саны: 1002