Әріптесіміз Кренделева Галина Түлкібайқызы "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Осыған орай мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Осы іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысып, іс-шара барысында Ақмола облысының қайраткерлерін ведомстволық наградалармен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Біздің музейден табиғат және экология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Кренделева Галина Түлкібайқызы "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
Әріптесіміз Галина Түлкібайқызын құттықтай отыра, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!
Музей ұжымына жаңа идеялар, сарқылмас күш-қуат тілейміз. Шаңырақтарыңыз бақытқа, қуанышты сәттерге толы болсын!
Құрылған күні: 22.05.2024 17:05
Жаңартылған күні: 22.05.2024 17:07
Қаралым саны: 1035