Тарих аптасының қорытындысы «Week of History»
Туған жеріне, оның мәдениетіне, салт - дәстүрлеріне ерекше қөзқарас – патриотизмнің маңызды ерекшелігі. Бұл кез келген ұлтты индивидтердің жинағы емес,ұлт ретінде қалыптастыратын мәдени-генетикалық кодының негізі.
8 қазаннан бастап 12 қазан аралығында Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейі № 2 ОМЛ-де «Week of History» («Тарих аптасы») өткізді. Облыстық музейдің ғылыми қызметкерлері оқушыларды музей қорының археологиялық және этнографиялық жәдігерлерімен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және іздеу жұмыстарының нәтижесі бойынша тарихи материалдармен таныстырды.
Іс-шара мақсаты – ұлттық тарих пен мәдениетті музей құндылықтары арқылы дәріптеу, халық дәстүрлеріне, тарих пен мәдениетке қызығушылығын арттыру және оларды құрметтеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты облыстық музей базасындағы «Мирас» және «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмелері арқылы өлкетану жұмысына тарту, «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында оқушылардың ғылыми-танымдық қызметін кеңейту.
«Week of History» бағдарламасында:
- «Шоқан Уәлихановтың мұрасы», виртуалды экскурсия
- «Күміс сиқыры» экспозициялық – көрме жобасының аясында «Күміс сиқыры» (музей сабағы)
- Аттас жобаның аясында «Алаш қайраткерлері – өлке тарихында» тақырыптық дәрісі
- «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» ғылыми – зерттеу жобасы бойынша тақырыптық дәрісі
- «Тоқыма аумағы: үздіксіз жіп» ғылыми – зерттеу жобасы бойынша тақырыптық дәрісі
Құрылған күні: 12.10.2018 18:12
Жаңартылған күні: 12.10.2018 18:12
Қаралым саны: 1642