V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы Ақмола облысының киіз үйлеріне экскурсия
Бүгін этноауылды Астана қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттері тамашалады. Экскурсия барысында студенттер музей жәдігерлерінің тарихына үңіле отыра қазақ халқының тарихы, тұрмысы және салт-дәстүрлерімен танысты. Музей жәдігерлерінен құрылған экспозицияда көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат Абылай ханға ерекше орын берілді.
Көкше жері Абылай хан есімімен тығыз байланысты, өйткені үш жүздің басын қосқан хан Абылайдың ордасы - киелі Көкше жерінде орналасқан. Келушілерге Мүсінші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тілеуберді Бинашевтің қолынан шыққан Абылай ханның мүсіні, және хан билігінің рәміздері (сақина, шоқпар, қанжар) ұсынылды.
Құрылған күні: 13.09.2024 12:20
Жаңартылған күні: 13.09.2024 12:21
Қаралым саны: 1287