Құдайберлі Рахымбекұлының 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті
????Бүгін "Достар” мәдениет сарайында Көкшетау әкімшілігі мәдениет бөлімінің,Ақмола облысының ақындары мен айтыскерлерінің ұйымдастыруымен "Мен де бір бұлбұлыңмын” атты шығармашылық кеші өтті. Аталған шығармашылық кеш Ш.Құсайынов ат. қазақ музыкалық драма театрының әртістерінің ақын өлеңдерін мәнерлеп оқумен басталды. Бірнеше ақындар айтысының бас жүлде иегері, ақын Арман Бердалин осы шығармашылық кештің жүргізушісі болды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Құдайберлі Рахымбекұлын мерейтойымен құттықтап, үстіне шапан жапты. Үкілі Ыбырай ат. Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов "Баянауылдың көктемі" әнін орындады. Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман Құдайберлі Рахымбекұлын өлеңмен құттықтады. Кештің қонақтары қатарында Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Аманжол Әлтаев, сондай-ақ Жүрсін Ерман, Қорғанбек Аманжол, Айтақын Бұлғақов, Серік Құсанбаев, Мұхтар Ниязов сынды ақын-жазушылар болды.
Құрылған күні: 11.10.2024 16:05
Жаңартылған күні: 11.10.2024 16:10
Қаралым саны: 616