«Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» жобасы аясындағы «Есіл-Шағалалы өзендерінің аралығындағы қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу жұмыстары
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» атты жобаның аясында «Есіл-Шағалалы өзендерінің арасындағы қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу» жұмыстары қолға алынды. Осы жобаның зерттеу бағыттарын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстанның солтүстік өңірлерін қадағалайтын тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры В.Ф.Зайбертпен бірлесе отырып маусымның 9-17 аралығында Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарының шекарасындағы, Есіл-Шағалалы өзендерінің аралығындағы орналасқан археологиялық ескерткіштерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алғашқыда қола дәуірінің Петров мәдениетіне (б.з.д. XVII–XVI ғғ.) тиесілі қорған зерттелді. Қоладан жасалған бірнеше жәдігерлермен қоса қираған үш қыш ыдыстың қалдықтары табылған болатын. Музейдің кезекті ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында Жалпы тарих және археология бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.К. Укеев өзінің археологиялық есебі мен реставрацияланған қола дәуірінің қыш ыдыстарын ұсынды. Қыш ыдыстарының біреуі Петров мәдениетіне тән болса, қалған екеуі Алакөл-Федоров мәдениеттеріне жатады. Осы реставрацияланған қыш ыдыстарды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Барлық табылған жәдігерлер зерттеліп, камералдық және лабороториялық өңдеу жұмыстарынан өткен соң музей экспозицияларында өздерінің тиісті орындарын алады.
Құрылған күні: 23.10.2018 17:13
Жаңартылған күні: 23.10.2018 17:14
Қаралым саны: 1816