Музейімізде облыстық өлкетанушылар форумы өтті
????????Музейімізде облыстық өлкетанушылар форумы өтті
Бүгін Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитованың қатысуымен Республика күніне арналған «Туған жерім - тұғырым» атты облыстық өлкетанушылар форумы өтті. Форум жұмысына Көкшетау, Степногорск қалаларынан, Атбасар және Зеренді аудандарынан өлкетанушылар қатысты. Форум аясында өлкетанушылар қауымдастығының бір жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалып, өлкетанушылардың зерттеу жұмыстары туралы хабарламалар, баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ, 2023-2024 жылдары өлкетанушылар шығарған кітаптар ұсынылды.
Қазақстан Республикасы күніне орай Ақмола облысының өлкетанушылары Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б. Әмренованың және Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б. Сәбитованың алғыс хатымен марапатталды.
Құрылған күні: 23.10.2024 13:05
Жаңартылған күні: 23.10.2024 13:11
Қаралым саны: 487