«Күміс сиқыры» атты көрмесінің салтанатты ашылуы
2018 жылдың 26 ақпан күні аттас жобаның соңғы кезеңі - «Күміс сиқыры» көрмесінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатында Үкілі Ыбырыай атындағы облыстық филармонияның би ұжымы мен жеке орындаушысы Сәрсенбай Хасенов қатысты. «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамжық бірлестігінің төрағасы Киіков Мейрамбек Киікұлы, ҚР Суретшілер одағының Ақмола облысы филиалының төрағасы Юрий Григорьевич Попов, тасты көркемдік өңдеу бойынша шебер және суретші Құрман Рахымжанұлы Базилинов, музей жобасының серіктесі, №21 ОМ технология мұғалімі, 5 сынып оқушысы Тамерлан Шахметовтың «Шолпы прекрасный звон» шығармашылық жобасының жетекшісі – Алла Викторовна Воронецая құттықтау сөз сөйледі. АОТӨМ директоры Қ.Ғ.Шақшақов экспозициялық – көрме жобасының 11 белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табыстады. Іс-шара бағдарламасында көне әшекей бұйымдар мен этно стиліндегі әшекейлер дефилесі болды. Дефилені өз жеке топтасынан құралған әшекейлерді көрсеткен еңбек ардагері Шәми Шабитайқызы Қазбекова ашты. Жас модельдер кейіпінде Шахметов Тамерлан мен Тамерланның жасаған шолпысын таққан № 3 мектеп оқушысы Дүйсенбаева Малика шықты. Қонақтар экскурсия барысында көрменің 12 бөлімімен танысты. Интерактивті аймақта Шахметов Тамерлан бейнеслайдтар арқылы өзінің шығармашылық жобасының жұмысын ұсынды және Тамерланның өз қолымен жасалынған әшекей бұйымдарын музейдің бас қор сақтаушысы Г.К.Изанова Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттері Жанат Төрехан мен Айкөркем Рахмановамен көне әшекей бұйым – шолпыны шаш өріміне қосу процесін көрсетті. Іс-шара шеберлік класпен аяқталды. Шеберлер әшекей бұйымдардың технологиялық әдістері мен әзірлеу кезеңдерін ұсынды. Көрермендер жұмыс барысына сүйсіне қарап, сұрақтар қойды. Музей К.Базилиновпен, Р.Шәріповпен, Р.Яковлевпен көп жылдар бойы серіктес болса, жоба жұмысы барысында Ерлан Әреновпен және Еркебұлан Иманбаевпен танысты. Шеберлердің бұйымдары көрме бөлімдерінде көрсетілген.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ студенттерінің, балалар көркемсурет мектебінің оқушыларының шығармашылық жұмыстары, Руслан мен Ұлболсын Ахмедовтардың киізден жасалынған панносы мен кәдесыйлары көрме экспозициясын толықтырды.
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап 2018 жылдың 26 қазаны аралығында музейдің қазақ ұлттық әшекейлерінің топтамасы туралы «Күміс сиқыры» тақырыбы Ақан серінің 175-жылдығына арналған «Этноday» бағдарламасында 450 адам үшін, Зеренді ауданы Айдарлы ауылының №2,4,7 мектептерінде тарих аптасын өткізу кезеңінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға арналған Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледждегі, Бурабай ауданы Баянбай а. т.б. ғылыми-тәжірибелік конференцияларда ұсынылды. Музей қоры 2018 ж. 41 сақтау бірлігі көлемінде ХХғ. ортасындағы әртүрлі қазақ әшекей бұйымдарымен толықтырылды.
Көрме өз көрермендерін 2018 жылдың 25 қарашасына дейін күтеді.
Құрылған күні: 31.10.2018 10:21
Жаңартылған күні: 31.10.2018 10:21
Қаралым саны: 2054