Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейі Тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық және ғылыми – реставрациялық жұмыстарды жүргізу бойынша мемлекеттік лицензияны алды

Ақмола облыстық тарихи – өлкетану музейі Тарихи және мәдени ескерткіштерге археологиялық және ғылыми – реставрациялық жұмыстар жүргізу бойынша мемлекеттік лицензия алды. 

Ақмола облысы өзінің тарихи және рухани мұрасымен бай, оның бірегейлігі бұл жерде әр түрлі мәдени ағымдардың кездесуіне байланысты.

Көкшетау мен Ақмола облысының аумағында 1793 тарихи-мәдени мұра нысандары бар, олардың көбі мұқият зерттеуді талап етеді.

Облыс аумағымызда Тәуке хан, Кенесары хан ордасының, Атбасар өзенінде Шибанид Мұстафа ханның ордасының, Қорғалжын көлдерінің маңында XIV ғ. Алтын орда дәуірінің ірі қаласы – көне Бытығайдың орналасқаны белгілі. Ақмола облысы Есіл өзенінің маңы Шыңғыс хан тұқымы Абылай ханның жарқын тарихи қызметімен байланысты. Абылай ханның шежірелік мекені Көкшетау тауларының аумағында орналасты. Әміршінің жазғы резиденциясы Сырымбетте болды. Абылай ханның жазғы ордалары болған жерлер сондай-ақ Атбасар, Қорғалжын, Ерейментау аудандарын, Ертіс өңірін қамтыды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін», «Зеренді ауданы Қошқарбай шатқалының қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштері» жобаларымен жұмыс жүргізуде.

Аталмыш лицензияның арқасында бізде өлкеміздің тарихының жаңа беттері ашылатын археологиялық қазба жұмыстарын өзіміз жүргізуге бірегей мүмкіндік пайда болды.

 

Яндекс.Метрика

A+AA-