«Музейдегі ғылыми-қор жұмысы» облыстық оқыту семинары
2018 жылдың 20 қараша күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейдегі ғылыми-қор жұмысы» облыстық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына жеті аудан музейлерінің қор сақтаушылары, Көкшетау қаласының ведомстволық музейлерінің меңгерушілері мен қала музейлерінің бас қор сақтаушылары қатысты. Қор жұмысы музей қызметіндегі жетекші бағыттардың бірі. Мемлекеттің музей мекемелерінің алдына қойған негізгі міндеттері: «Музей заттары мен музей жинақтамасын анықтау мен жинау, сақтау мен сақталуын қамтамасыз ету». Қор жұмысының мәселелері және оның шешу жолдары бойынша тәжірибе алмасу мен құрылымды сұхбат өтті. Семинардың екінші бөлімі тәжірибелік жұмысқа арналды. «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» жобасы аясында Астрахан ауданында өткен тарихи-этнографиялық экспедиция нәтижесі бойынша қор-іріктеу комиссиясының үлгілік отырысы болды. Музей қорына 120-дан астам музейлік маңызы бар заттар іріктелді.
Құрылған күні: 21.11.2018 11:46
Жаңартылған күні: 21.11.2018 11:46
Қаралым саны: 1971