Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
2018 жылдың 26 қарашасы күні Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінің ұжымы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талқылау бойынша отырыс өткізді. Біз бәріміз өткенсіз болашақтың болмайтынын білеміз. Бұл мәселе өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне қатысты болған кезде аса өзекті бола бастайды. Сол себепті, музей қызметкерлері өз пікірілерін білдірді. Әлбетте, біз басты міндетіміз - өз Отанының патриоттарын, жауапты, өз халқының тағдырына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды тәрбиелеу деп санаймыз. Бұған байланысты, "Ұлы даланың Ұлы есімдері", "Байырғы өнер музейі және Ұлы даланың технологиялары" сияқты жобаларды іске қосу бұрын болмағандай өзекті болып табылады. Біз аталмыш жобаларды іске асыру қазіргі заманғы дамып келе жатқан Қазақстанды қалыпстастырудағы жаңа кезең болатынына сенімдіміз. Мемлекетіміздің қазіргі кездегі жетістіктері, оның деңгейі мен әлемдік мойындауы оның көпқырлы өткенісіз мүмкін болмас еді.
Құрылған күні: 27.11.2018 12:27
Жаңартылған күні: 27.11.2018 12:27
Қаралым саны: 2401