Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған «Елбасы - елімен бірге» атты іс-шара
29 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмола облысы Полиция департаментімен бірлесіп, Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Ақмола облысы ПД офицерлер құрамы музей экспозициясымен танысты. Астана қ. 20-жылдығын мерекелеу аясында 6 шілде күні тұсаукесері өткен «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залы офицер құрамының үлкен қызығушылығын тудырды. Құттықтау сөз кезегімен облыстық музей директорының орынбасары А.С.Құнанбаева, Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Р.Ж.Жанбеков сөз сөйледі. Сондай-ақ, тарих ғылымдарының докторы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі Буктугутова Роза Сабырқызы қатысушыларға еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың егемен Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы рөлі туралы баяндап берді.
Құрылған күні: 04.12.2018 13:23
Жаңартылған күні: 04.12.2018 13:23
Қаралым саны: 1865