«Ақылды бейсенбі» және музей
6 желтоқсан күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Назарбаев зияткерлік мектебінің «Ақылды бейсенбісінің» қатысушысы болды. 9 сыныптардың үш оқушысы өз жобаларын бейнебаяндармен сүйемелдеу арқылы ұсынды. Музейдің ғылыми қызметкерлері Салмұхаметова Айман Сағитқызы, Укеев Жасұлан Кәрімұлы балаларды түпнұсқалық археологиялық және этнографиялық материалдармен таныстырды, олар өз кезегінде сабақта алған теориялық білімдерін бекітуге септігін тигізді. Этнография жеткіншектер үшін қызықты болды, олар өздері үшін аз да болса жаңалық ашты. Ұсынылған кілем бұйымы – алашаны тез анықтады, сонымен бірге басқаша түрі оюы бар термеалашаның алуандығына таң қалысты. Киіз сырмақты суретте көрген бір басқа, қолмен ұстап көргенде мүлдем басқаша екен! Сондай-ақ, алаша мен киіз үйге арналған басқұрлар әзірленген жіптерден тігілген қоржындар. Бұдан көшпенділердің ұтымдылығын байқауға болады. Балалар қылдан жасалған ілмектері бар қоржынды алғашқы рет көрді, бұл көшпенділердің ойлап тапқаны – қазіргі кездегі киім-кешектің жүгіртпе бекіткіштері сияқты, бірақ одан да мықты әрі берік. Зерек ұлдар қоржынның ілмектерін құмарлықпен салып көрді. Таң қаларлығы, олардың қолынан оңай және дәлме-дәл келді. Тіпті, музей қызметкерлері таға алмаған екен. Ал қыздардың ішіндегі батылырағы Арай әдемі қалың бұрымымен шолпылардың көркемдігін көрсеткісі келді. Шынына келсек, қыздар бұл әшекейлердің бұрымға қалай бекітілетінін түсіне алмады. Бұл әшекейлердің салмағының ауырлығы соншалық, белің түзеліп, жүрісің нық болады екен. Дегенмен, Арайға өте ұнады! Қазақ әшекейлерінің неге көп бөлшектен тұратыны және көп қабатты болатыны енді түсінікті болды. 5 жастағы сәбиге арналған топсалы білезік пен темір тілімшелері мен алқалары бар ерлердің белдігі тәнті етті. Бұрынғы шеберлердің бір қарағанда қарапайым болып көрінетін қолөнерлері құпияға толы екен. Балалармен енді музейде қауышатынымызға сенім білдіреміз!
Құрылған күні: 07.12.2018 20:16
Жаңартылған күні: 07.12.2018 20:16
Қаралым саны: 1951