Палеонтологилық қалдықтар
2018 жылдың 7 желтоқсан күні Көкшетау қаласының тұрғыны Мустафин Дулат Талғатұлы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне мамонт сүйектерін сыйға тартты. Ортан жіліктің бөлігі мен "Атлант" омыртқасы Ғ. Мүсірепов ауданы Салқынкөл ауылының маңында табылған болатын. Мамонттар 15 мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі жануарлар және сол уақытта Қазақстанда мекендеген тұмсықтылардың соңғы өкілдері болды. Олар Қазақстанның барлық жерлерінде, кейбір қалдықтары Астананың төңірегінде, Ақмола облысының көптеген аудандарында табылған.
Құрылған күні: 10.12.2018 10:14
Жаңартылған күні: 10.12.2018 10:14
Қаралым саны: 1729