«Жер жаннаты Ақмола» энциклопедиясының тұсаукесері
2018 жылдың 12 желтоқсан күні, облыстық әкімдікте облыс әкімі М.К.Мырзалинның қатысуымен "Жер жаннаты Ақмола" энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсіміне облыс басқармасының басшылары, зиялылар қауымы, мәдениет мекемелерінің директорлары мен БАҚ өкілдері қатысты. Энциклопедия 7 бөлімнен тұрады және өлкеміздің өткені пен бүгінгі күнімен таныстырады, облыс тарихын құруда үлкен рөл атқаратын тұлғалар жайлы баяндайды. Аталған баспада "Ақмола облысының қалалары мен аудандары" бөлімінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі туралы материал ұсынылған. Тұсаукесер рәсімінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директорының орынбасары А.С.Кұнанбаева сөз сөйледі.
Құрылған күні: 13.12.2018 10:42
Жаңартылған күні: 13.12.2018 10:42
Қаралым саны: 1955