АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
26 желтоқсан күні, Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында Ақмола облысындағы 2018 жылдың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша брифинг өтті.
Өткен жылдағы музей жұмысының нәтижелерін қорытындылай келе, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы өз сөзінде облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің бастамасымен ашылған «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музейіне маусым кезінде 5 мыңнан астам, жаңартылған Бурабай өлкетану музейіне 10 мыңнан астам турист келгеніне көңіл бөлді. Былайша айтқанда, темір ғасыры мен түркі дәуірінде қола дәуірі көшпенділерінің тұрмысын жаңадан жасау және т.б. арқылы Ботай-Бурабай музейін кеңейту жоспарланып отыр.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланған күнінен бастап Ақмола облысында ауқымды жұмыс атқарылды. Өздеріңіз білесіздер, осы жылдың қаңтар айынан бастап ақмолалық оқушылар жергілікті өлкетанушы ғалымдар жасаған кітап бойынша өлкетану пәнін оқуда, осыған байланысты, біздің музей айына бір рет қала мектептерінің оқушыларына арналған «Week of history» тарих аптасын өткізеді. Музейдің ғылыми қызметкерлері айқындалған тақырыптар бойынша дәрістер оқиды, жәдігерлерді пайдалана отырып, жылжымалы көрмелер өткізеді.
Алдағы жылы экспозициялық залдардың жаңартылуы жоспарланған, музейлік зерттеу жобаларын іске асыру аясында ауқымды ғылыми-іздеу жұмысы күтілуде.
Ежелден әр халықтың өмірінде тіршілік негізі ретінде су айдындары үлкен рөл атқарады. Бұл түпкі ой «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін» жобасында іске асырылды, осы жоба аясында биыл ауқымды экологиялық науқандар жүргізілді, тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры Виктор Зайбертпен бірлесіп ұйымдастырылған «Есіл-Шағалалы өзен аралығының қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу» археологиялық экспедициясы, сондай-ақ Астрахан ауданында кешенді тарихи-этнографиялық экспедициясы өтті.
Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Сырдария ауданында (Өзбекстан) «Ғасырлар аманаты» тарихи-этнографиялық көрмесін жоспарлауда, сондай-ақ Ақмола облысының аудандарында, Солтүстік Қазақстанда жылжымалы көрмелер, Бурабайда көрмелер циклі мен іс-шаралар өтеді.
Құрылған күні: 29.12.2018 15:45
Жаңартылған күні: 29.12.2018 15:45
Қаралым саны: 1777