Құрметті достар!
Жаңа жыл – өткен жылдың жетістіктерін бағалап, болашаққа ауқымды жоспар құратын уақыт. 2018 жыл тарих беттерінде артта қалуда. Жаңа 2019 жыл біздің өмірімізде жаңа кезеңдерді ашады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында, 2018 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі орасан жоба – «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музейдің тұсаукесерін өткізді, осылайша Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы Ұлы дала бүкіл әлемге жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін сыйлады деген сөздерін растайды.
Еліміздің елордасы Астана қаласының 20 жылдығында облыстық музейде Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы тарихын, оның жетістіктері мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың табысты Қазақстанның және Ұлы дала жазығындағы жаңа елорданың құрылысындағы ауқымды тарихи рөлін көрсететін «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залы ашылды.
Алдағы 2019 жылы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық залдарын жаңарту бойынша үлкен жұмыс, музейлік ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру бойынша ғылыми-іздеу және зерттеу жұмыстары жоспарланған.
Құрметті достар! Жаңа 2019 жыл қарсаңында Сіздерге келе жатқан жаңа жыл жаңа ашылымдарға толы болсын! Өз күштеріңізге сенімділік, рух беріктігін әкелсін, зор денсаулық және алдағы қойылған мақсаттарға жетулеріңізге тілектеспіз.
Ізгі тілекпен,
Ақмола облыстық
тарихи-өлкетану музейінің
директоры Қ.ШақшақовҚұрылған күні: 29.12.2018 15:48
Жаңартылған күні: 29.12.2018 15:48
Қаралым саны: 1828