Музейдің жинақтау жұмысы!
Құрметті достар! «Музейге жәдігер сыйла» акциясы өз жалғасын табуда, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі осы акцияға немқұрайлы қарамайтын адамдарға алғысы шексіз. Акция аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Көкшетау қаласының тұрғыны Нугуманова Дариха Нұрғалиқызының үйінде қонақта болды. Ол жолдасы, заңгер Нугуманов Қыдырбек Шалабайұлына тиесілі «Листвица» басу машинасын музей қорына сыйға тартты. Дариха Нұрғалиқызы 35 жыл химия және биология пәнінің мұғалімі қызметін атқарды, оның 20 жылы Көкшетау қ. №6 ОМ-де өтті.
Құрылған күні: 04.01.2019 16:34
Жаңартылған күні: 04.01.2019 16:34
Қаралым саны: 1966