Көкшетаудағы «Таң» балалар үйіне облыстық музей атынан сыйлықтар
2017 жылдың 1 наурызында Қазақстан «Алғыс айту күні» мейрамын мерекеледі, бұл мереке қазақ халқының тарихи салт-дәстүрінде, қонақжайлылық салтында, қайырымдылық пен ынтымақтастығында негізделген. Аталған күні Көкшетауда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қайырымды Ел» атты қайырымдылық акциясын өткізді, аталмыш іс-шараға музейдің барлық қызметкерлері атсалысты. 1 наурыз күні, Ақмола облысы білім басқармасының – «Таң» кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары сыйлықтарға ие болды: ойыншықтар, киім-кешектер, тәттілер және т.б. Бұл орталықта, ата-анасынан айырылған балалар бірнеше ай болып, жаңа ортаға бейімделеді, осыдан кейін барып балалар үйіне жіберіледі.Алғыс айту күні – бұл ең алдымен бір-бірімізге құрмет көрсету, жалпыға ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара жәрдемдесу мен қолдау күні болып табылады.
Құрылған күні: 01.03.2017 3:00
Жаңартылған күні: 02.03.2017 16:23
Қаралым саны: 2295