Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Ынтымақтастық туралы кезекті меморандумға қол қойылды




Ынтымақтастық туралы кезекті меморандумға қол қойылды 0 Ынтымақтастық туралы кезекті меморандумға қол қойылды 1

2019 жылы 18 қаңтар күні, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әбуев Қадыржан Қабиденұлының80 жылдық мерейтойына және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде тарих мамандығының қалыптасуына 25 жыл толуына арналған «Отан тарихының тарихнамасы мен деректануының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы өтті. Осы іс-шараға ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы қатысты.  Бұл аталған іс-шара барысында «Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКМ мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты  РМҚҚ арасында бірлескен жобаларды іске асыру, ұйымдастыру және ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, дөңгелек үстелдер өткізу, ақпараттық қызмет көрсету және консультациялық көмек қызметінің түрлі аспектілері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Яндекс.Метрика

A+AA-