Облыстық музей филиалдарының арасында рейтинг қорытындысы
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде филиалдар арасындағы рейтинг қорытындылары шығарылды. Рейтингке 7 аудандық музей қатысты. Қорытынды бағалаудың жоғарғы көрсеткіштері құрамына «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық кешені енетін Бурабай тарихи-өлкетану музейінің көшбасшылық позициясын анықтады. Екінші орында Степногор тарихи-өлкетану музейі. Көшбасшылар үштігіне Бөгенбай батыр атындағы Ерейментау тарихи-өлкетану музейі де енді. Соңғы жылдары аудандық музейлерде жұмыс белсендірілді, музейлерде күрделі және ағымдағы жөндеулері өткізіліп, экспозиция алаңдары жаңартылды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі музей жобаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылуда.
Құрылған күні: 23.01.2019 17:27
Жаңартылған күні: 23.01.2019 17:27
Қаралым саны: 1499