«Week of history» жобасы
Құрметті достар, 2018 жылдың сәуір айынан бастап Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Week of history» (Тарих апталығы) жобасы шеңберінде айына бір рет қала мектептерінде музей қорындағы экспонаттарды қолдана отыра музей сабақтарын, виртуалдық экскурсияларын өткізіп, дәрістер оқиды. Бүгінгі таңда музей 6 мектепті қатыстырды, оқушылардың жалпы саны 1211 бала. Жобаның мақсаты – музейлік құндылықтар арқылы ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерге, тарихы мен мәдениетіне қызығушылығы мен құрметін дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, сонымен қатар, өсіп келе жатқан ұрпақты «Мирас» және «Жас экскурсовод» үйірмелерінде біріктіру жолымен өлкетану жұмысына қатыстыру, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде оқушылардың ғылыми-танымдық қызметін кеңейту. Мектеп оқушылары келесі тақырыптағы дәрістерді тыңдады: «Күміс сиқыры», «Алаш қайраткерлері – өлке тарихында», «Есіл: бастау көзінен тармақтарына дейін», «Шоқан Уәлихановтың мұрасы», «Ақан сері - адамзаттың сұңқары», «Ақмола облысының жануарлар әлемі», «Тоқыма аумағы: үздіксіз жіп», «Есіл және Шағалалы өзендерінің аралығындағы қола дәуірінің ескерткіштері», «Елбасы және Тәуелсіздік», «Музей қорындағы VIII ғасырдағы қаруландырылуы». Аталмыш жобаның мақсаты орындалды деп санауға болады, жоба нәтижесінде оқушылар пайдалы ақпараттарды біліп, өлкеміздің тарихы мен мәдениеті туралы білім алды. Біз, музейдің ғылыми қызметкерлері ретінде тарихи-өлкетану мұрасына көп зейін білдіреміз. Өйткені туған өлкеге деген махабатты кішкентайынан бастап үйрету қажет. Патриотизм қазіргі жеке тұлғаның нақты қасиеті болып табылады. Балалардың патриоттық сезімін сабақтар мен тәрбиелік іс-шараларда ғана емес, сонымен қатар мәдени-білім беру мекемелерінде де тәрбиелеу қажет. Қазақстан мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері тарихи-өлкетану музейлерін, театрларға, кітапханаларға және т.б. бару арқылы сақталады. Мектептер мен музейлердің ынтымақтастығы өскелең ұрпақ үшін пайдалы екенін сезінуге қуанышты.
Құрылған күні: 01.02.2019 20:22
Жаңартылған күні: 01.02.2019 20:22
Қаралым саны: 1594