Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Уақыт бізді таңдады...» атты көрменің ашылуы
2019 жылдың 6 ақпанында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Уақыт бізді таңдады...» - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай көрменің ашылу рәсімі өтті.
«Уақыт бізді таңдады...» көрмесінің ашылу рәсіміне интернационалист-жауынгерлері, облыстық және қалалық ардагерлер Кеңесінің жетекшілері, ӘТМ курсанттары, қаза болған интернационалист-жауынгері Валерий Боголюбовтың ата-анасы Мария Тарасовна және Геннадий Андреевич қатысты. Экспозицияның төрінде «Блиндаж» инсталляциясы орын алған, ол жерде Ауғанстандағы соғыс кезеңіндегі кеңесқару-жарақтары ұсынылған, витриналарда ақмолалық жауынгерлерінің наградалық құжаттары, фотосуреттері бар альбомдар, үйлеріне жазған хаттары мен қайтыс болуы туралы хабарламалары орналасқан... . «Ленин бұрышы» Кеңес жауынгерлерінің Ауғанстан жерінде қысқа ғана демалыс уақыттарын бейнелеген.
Музейлік кездесу кешінде курсанттардың орындауындағы ауған соғысы жайлы өлең жолдары оқылып, интернационалист-жауынгер Нұрбек Әбілқасымовтың сол майданнан қайтпағандардың рухына арналған әндері орындалды. Іс-шараға қатысқан қонақтар музей қорына кітаптар, Анатолий Тукиннің рухына арналған шағын-футболда 1 командалық орынға берілген 1991 жылғы кубокты сыйлады.
Құрылған күні: 07.02.2019 15:11
Жаңартылған күні: 08.02.2019 15:37
Қаралым саны: 2122