«Уақыт бізді таңдады...» көрмесінің көрермендері
Құрметті достар, 2019 жылдың 6 ақпанында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Уақыт бізді таңдады...» атты көрмесінің ашылуы өтті. Ауған соғысы – баршамыздың трагедиясы. Ол ұлы батырлардың дәстүрін жалғастыра білген жауынгерлеріміздің батырлығы мен ерлігін, қайтпас рухы мен батылдығын, қайсарлығын көрсетті. Бүгінгі таңда Ауғанстан соғысының ардагерлері бейбіт және өркениетті Қазақстанның дамуына зор үлесін қосып, жаңа қазақстандық армандарын іске асыруға қолдау көрсетуде. Олардың өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қолдаудағы үлесі баға жетпес сіңірген еңбек Туған жер алдындағы борышын орындау барысында көз жұмған жауынгерлер жайлы естеліктер, біздің өткен әскери күндер жайлы естеліктер баршамызды біріктіруші күш болып табылады. Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында музей қызметкерлері көрме бойынша № 21 ОМ-Л оқушылары үшін экскурсия жүргізді.
Құрылған күні: 15.02.2019 18:52
Жаңартылған күні: 15.02.2019 18:52
Қаралым саны: 1726