Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында, "Атқа міну мәдениетін" насихаттау мақсатында, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бастап, Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жолдаған челленджді
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында, "Атқа міну мәдениетін" насихаттау мақсатында, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бастап, Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жолдаған челленджді Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі қабылдаған болатын. Аталмыш челленджді жүзеге асыру үшін көмек көрсеткен барлық қатысушыларға, яғни Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінің, Бурабай тарихи-өлкетану музейінің, "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы археологиялық - этнографиялық музейінің қызметкерлеріне, "Гәкку" би ансамблі мен жетекшісі Гүлмира Ордабаеваға, жергілікті ақын Мерген Тоқсанбайға, Балуан Шолақ атындағы балалар мен жасөспірімдер ұлттық спорт мектебінің қызметкерлеріне, сондай-ақ, "Жылқы туралы жыр" өлең жолдарының авторы, М.Ғабдуллин музейінің директоры, ақын Құдайберлі Мырзабекке авторлық өлең жолдарын пайдалануға рұқсат бергені үшін және видео - оператор Сабыртай Махамбетке көзделген мақсатқа жетуге жәрдемдескендері үшін алғыс білдіреміз. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі "Атқа міну челленджін" әрі қарай жалғастыру үшін Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Гүлнәр Ботанқызы Мұқышева мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Үміт Бламбекқызы Әкімбаеваға жолдайды.
Құрылған күні: 18.02.2019 17:32
Жаңартылған күні: 18.02.2019 17:32
Қаралым саны: 1917