Атырау қаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған III республикалық форум
2019 жылы 21 ақпанда «Қасиетті Қазақстан» ғылыми - зерттеу орталығы Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп Атырау қаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған III республикалық форум өтеді.Осыған орай,Ақмола облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Шақшақов Қ.Ғ. және директордың ғылыми жұмысы бойынша орынбасары Құнанбаева А.С. жұмыс сапарымен Атырауға барып, Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайын тамашалады.
Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайы туралы айтып кететін болсақ, бұл музей Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумның Ұйымдастыру Комитетінің 1939 жылғы 22 шілдедегі №23 қаулысымен мектеп мұражайы негізінде құрылып, 1940 жылы 5 қарашада ресми түрде ашылды. Күні бүгінде мұражайдың жалпы қорын 56 мыңнан астам жәдігер құрайды, 9 экспозициялық зал бар. Қорында қазақ халқының қолөнер туындылары, тұрмыстық заттары, батырлардың, хандардың мөрлері көшірмелері, Жәңгір ханның жұбайы Фатима ханымның қамзолының көшірмесі, археологиялық бұйымдар, сонымен қатар біздің тарихымызда ерекше орын алатын Жылыой ауданынан табылған, Аралтөбе қорымында жерленген алтын киімді адам - сармат көсемінің жәдігерлері жиынтығы бар.
Құрылған күні: 20.02.2019 9:32
Жаңартылған күні: 20.02.2019 9:33
Қаралым саны: 2428