Тың игеруге Мәскеу түбінен келген суретшілер
Осыдан 65 жыл бұрын Қазақстанға алғышқы тың игерушілердің бастапқы эшелондары келді. Қазақстанда тың және кен жерлерін игеру басталды.
1954 жылы алғашқы тың игерушілермен бірге, Суриков ат. Мәскеу көркем институтының студенттері де, жазғы тәжірибеден өту үшін тың игеруге жолданады. Олардың ішінде, суретшілер Ирина Воробьева, Герман Безукладников, Михаил Аникеев, Анольд Меллит болды. Жас суретшілер тың игерушілермен бірге, Көкшетау облысының Куйбышев ауданындағы келешекте «Ломоносовский» кеңшарында ақшатырларда тұрып, таңның атысынан, күнің батысына дейін еңбектеніп, барлық оқиғалардың ортасында болған. Тың игерушілердің батылдығы жігерлендіргені соншалықты, суретшілер кейінгі жылдары да тың игеруге келе бастаған.
ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың басында, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне суреттердің бірегей жиынтығы келіп түсіп, бүгінгі күнге дейін осы музейде сақталған.
Құрылған күні: 12.03.2019 18:06
Жаңартылған күні: 12.03.2019 18:06
Қаралым саны: 1809