В.И. Вернадскийдің туғанына 156 жыл
Владимир Иванович Вернадский (1863-1945) – ХХ ғасырдың ресейлік табиғат зерттеушісі, геолог, кристаллограф, минералог, геохимик, радиогеолог, биолог, биогеохимик, философ, тарихшы және ғылыми ұйымдастырушы, ірі қоғам қайраткері, адамзаттың ұлы азаматы деп санауға болады.
Ұлы Отан соғысының басында Бурабайға кеңес ғалымдарының үлкен тобы эвакуацияланды. Олардың ішінде әлемге әйгілі ғалымдар да болды. 1941 жылдың 16 шілдесінде Вернадский жұбайымен және жақындарымен бірге басқа академиктар тобымен Қазақстанға жол тартты. Ол жерде «Биосфера және онықоршаған ортаның химиялық құрылымы», «Өмірімнің бас кітабы» атты еңбегінің бірінші томын аяқтады, ғалымның айтуынша соңғы тарауы ноосферамен аяқталуы тиіс еді. Владимир Иванович Бурабайда ғалымның өмірі, оның қызметі және қоршаған ортадағы оқиғаларға бай мәлімет көзі - «Хронология» атты үлкен еңбегін жаза бастаған.
Атаулары 700-ден асып, басылып шығарылған еңбектері бойынша В.И. Вернадскийдің зор ғылыми қызметінің нәтижесін көруге болады.
Құрылған күні: 12.03.2019 18:10
Жаңартылған күні: 12.03.2019 18:10
Қаралым саны: 2888