«Ғасырлар аманаты» атты жылжымалы көрменің ашылуы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғасырлар аманаты» көрме жобасын жүзеге асыруда. Жоба 2019 жылдың 12 наурызында Ақмола облысының Жақсы ауданынан бастау алды.
Аталмыш жоба Ақмола облысының тұрғындарына киелі объектілермен, және де, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларында сақталған бағалы артефактар мен қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Көрменің ашылу салтанатында Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Ләззат Шаншерханқызы Сейдахметова құттықтау сөздерін жолдады. «Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Сұңғатқызы Құнанбаева баяндап берді. Экскурсия бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Бауыржанқызы Айдарбекова көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді.
Құрылған күні: 12.03.2019 18:20
Жаңартылған күні: 12.03.2019 18:33
Қаралым саны: 2011