Көктемнің мерейлі мерекесі
Салт-дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды
Н.Ә. Назарбаев
Сөйлеу үшін жаратқан. Сөз анасы - сәлемді айт!
Бухар жырау
Наурыз жер бетіндегі ең көне мейрамдарының бірі болып саналады, пайда болу уақыты б.э.б. 648-330 жылдары Ахеменидтер әулетінің әміршілігінің кезеңіне жатқызады. Б.э. ІІ ғасырда парсы дереккөздерінде алғашқы рет аталып өткен. Кейбір деректер бойынша Наурыз 2500-3500 жыл емес, 5000 жылға жуық мерекеленуде. 1926 жылы Қазақстанда Наурыз мейрамына тыйым салынған. 1988 жылы мейрам қайта тойланатын болды. 1991 жылдың 15 наурызында Қазақстан Президентінің Жарлығымен "Наурыздың 22-сі – халықтық мереке "Наурыз мейрамы" болып ресми түрде қабылданды. 2001 жылдан бастап Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды. Юнесконың бастамасымен, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамы адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізіліп, Халықаралық күн аталды. 20010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Наурыз Халықаралық күні» атты қарарды қабылдап, Наурызды мерекелеу және ол жайлы ақпарат таратуды қолдады.
Көптеген ұлттың мәдениетінде Наурызды түрлі атаулармен мерекелеу кең тараған. Осыған арналған «Көктемнің мерейлі мерекесі» атты этнографиялық сағаты интерактивті танымдық-ойын-сауық шағын оқиғаларының кешенінен құрылған:
1. Сәлемдесу дәстүрлері. Наурыз көрісу Амал мерекесі. Жақында өткен заманға дейін Қазақстанның батыс өңірлерінде айлардың арабша атауларын қолданған. Сондықтан 14 наурыз үшінші айы Амал, көктемнің және жаңа жылдың басы деп саналады. Көктемгі күн-түннің теңесу күнінен тура бір апта бұрын ұзақ қыстан шыққанына қуанып, мал басы саналған. Бұл дәстүр Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының кейбір аудандарында сақталған. Амал мерекесінің міндетті атрибуты - «көрісу», немесе қол алысу. «Көрісу» мерекесінде жасы үлкен туысқандарға барып: «Бір жасыңмен!», «Жасыңа жас қосылуымен!» деп лебіздерін білдірген. Ал, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер «Жасың ұзақ болсын!» деп, баталарын берген. Дәстүр бойынша жасы үлкен адамдар қол алысады, екі қолын созып, үш мәрте құшақтасу рәсімін жасаса, барлық түсініспеушіліктері тараған. Әйел адамдарда бір-бірінің иықтарымен, бірінші оң жақ иығымен, кейін сол жақ иығымен кезектесе жанасу қажет. Балалар көрісу рәсімін шабыттана көрсете кетті, 14 наурызда өздері оқып жүрген мекемеден бастап, ата-бабамыздан қалған осы дәстүрімізді әдетке айналдырамыз деп шешті.
2. «Халықтық дәстүрлердің жолы бойынша» атты интерактивті саяхат СТК 1 ЗТСП-17 тобының оқушыларын әлемнің кейбір елдерінде Наурызды мерекелеу салттарымен таныстырды. Балалар қазақ, шешен, өзбек, татар және басқа халықтарда Наурызды мерекелеудің ұқсас дәстүрлері бар екеніне көз жеткізді. Олар таңды қарсы алу, оттан секіру, салтты тағамдарды бірлесе дайындау. Иран, ауған, әзербайджан ұлттарында жұмыртқа бояу және майшам жағу салты балаларды таң қалдырды. Орыс, белорустардың көктемгі циклі, ал украиндарда 14 наурыз Явдоха (Евдокия) деп аталатын, таң ата биік тауға немесе ағашқа шығып, көктемді шақыру салты да көңілдерінен шықты.
Музей заттарының ішінен, табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты 22 мамырда атап өтетін ұлттық мерекеде қымыз ішу салтына арналған чорон - якуттардың киелі ыдысы этнографиялық сағатына қатысушыларын тәнті етті.
Құрылған күні: 14.03.2019 18:10
Жаңартылған күні: 14.03.2019 18:10
Қаралым саны: 1851