Ақмола облысының Есіл ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі
Құрметті достар! «Ғасырлар аманаты» экспозициялық-көрме жобасы жалғасуда. 27 наурыз күні Ақмола облысының Есіл ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Көрменің ашылу салтанатында Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қорлан Хасенқызы Тәжденова және Есіл орта мектеп директоры Елена Борисовна Челюбеева құттықтау сөздерін жолдады. «Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Сұңғатқызы Құнанбаева баяндап берді. Экскурсовод Арайлы Тлеубайқызы Әбизар көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді. Осы көрме аудан тұрғындарына өлкеміздің мәдениеті мен тарихының тұңғиығына бөленуге мүмкіндік береді.
Құрылған күні: 29.03.2019 12:18
Жаңартылған күні: 29.03.2019 12:18
Қаралым саны: 2033