«Қару. Музыкалық аспаптар. Ыдыс» триптих суреті
«Арт-Бурабай» суретшілер студиясы шығармашылық бірлестігінің мүшесі Владимир Николаевич Рыбинцевтың 2016 жылы Щучинск қаласында салған «Қару. Музыкалық аспаптар. Ыдыс» триптих суреті.
Триптих дулыға, қалқан, қылыш, садақ, жебе (сол жағында), бас киім, қобыз және домбыра (ортасында), торсық, тостаған, ожау (оң жағында) бейнеленген натюрморт болып есептелінеді. Сурет майлы бояулармен кескіндеу техникасында орындалған. Триптих сюжеті қазақ халқының дәстүрлі өнері мен суретшінің өзіндік техникасының синтезіне негізделген. Суретші өрнектердің шағын бөлшектеріне дейін барлық элементтерін көрсетіп, натюрмортта бейнеленген әр затқа назарын бөлген. Туынды түстің, таңбалар мен фактураның үлесімінде құрылған.
Құрылған күні: 30.03.2019 12:27
Жаңартылған күні: 30.03.2019 12:28
Қаралым саны: 2522