«Қыз және құстар» интерьер мүсіні
ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Ю.Г. Поповтың «Қыз және құстар» интерьер мүсіні. 2007 жылы Қарағанды қ. Суретшілер Одағының жанындағы мүсін-керамикалық шеберханасында автордың 60 жылдығына орай жасалған. Күйдірудің үш деңгейінен өткен отқа төзімді балшық – шамоттан қолмен жасалған, шамот массасынан дайындалған стильді қазақ киіміне киінген қыздың бейнесінің мүсіні. Біртұтас бейне көктемнің келуін белгілейді. Фигура тұрақты, қыз баланың басы көтеріңкі, бет бейнесі, көз қиығы айқындалған. Имек қасы, аузы белгіленген, шаштары артына таралып, бұрымы бар. Мүсіннің басын безендірген қазақ ұлттық бас киімі сәукеледе өсімдік тәріздес өрнектер көрінеді. Оң жақ және сол жақ иығында (оң жағында 2, сол жағында 1)құстардың бейнесін шығып тұрған бүкпелердің шетінде орналасқан. Фигураның түбінен кеудесіне қарай мүсін мәпелеп ұстап тұрған өсімдіктің жас өркені көтеріледі. Сол қолының ашық алақаны құсты ұстап тұр. Мүсіннің белінен төмен тағы бір құс орналасқан. Негізі – түстердің үйлесімі, қанық жасыл түс бірте-бірте сұр түске ауысады. Биіктігі – 102 см.
Құрылған күні: 04.04.2019 18:16
Жаңартылған күні: 04.04.2019 18:16
Қаралым саны: 1899