«Ақын» интерьер мүсіні
ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Ю.Г. Поповтың «Ақын» интерьер мүсіні. 2007 жылы Қарағанды қ. Суретшілер Одағының жанындағы мүсін-керамикалық шеберханасында автордың 60 жылдығына орай жасалған. Күйдірудің үш деңгейінен өткен отқа төзімді балшық – шамоттан қолмен жасалған, қолында домбырасы бар ер адамның мүсіні. Фигура тұрақты, мүсіннің басы көтеріңкі, сол жаққа бұрылған. бет бейнесі, көз қиығы айқындалған. Имек қасы, аузы белгіленген, шаштары артына таралып, бұрымы бар. Мүсіннің басын безендірген қазақ ұлттық бас киімі сәукеледе өсімдік тәріздес өрнектер көрінеді. Бетінің айқын келбетінде мұрты мен сақалы, аузы белгіленген. Иілген қасы жақсы айқындалған. Мүсіннің басында қазақ ұлттық бас киім – тақия, жан жағынан өрнектелген (қазақ ұлттық өрнектеріне ұқсас). Ақын ұзын шапанға киінген, оң қолымен қазақ ұлттық аспабы – домбыраны ұстап тұр. Мүсіннің төмен жағында иілген бедерлер орналасқан. Негізі – түстердің үйлесімі, қанық жасыл түс бірте-бірте қоңыр түске ауысады. Биіктігі – 99 см.
Құрылған күні: 05.04.2019 17:56
Жаңартылған күні: 05.04.2019 17:56
Қаралым саны: 1830