Ақмола облысының Жарқайын ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі
Құрметті достар! «Ғасырлар аманаты» экспозициялық-көрме жобасы жалғасуда. Бүгін, 9 сәуір күні Ақмола облысының Жарқайын ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрменің ашылу салтанатында Жарқайын ауданы әкімінің орынбасары Гульжан Маркенқызы Баегизова және Жарқайын ауданының мәдениет басқармасының басшысы Светлана Анатольевна Хальзова құттықтау сөздерін жолдады. «Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музей директоры Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов баяндап берді. Экскурсовод Айгерім Бауыржанқызы Айдарбекова көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді. Осы көрме аудан тұрғындарына өлкеміздің мәдениеті мен тарихының тұңғиығына бөленуге мүмкіндік береді.
Құрылған күні: 09.04.2019 18:55
Жаңартылған күні: 09.04.2019 18:57
Қаралым саны: 1926