Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайт картасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Біз музейге келушілерді қабылдауға дайынбыз.

«Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші

«Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші 0 «Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші 1 «Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші 2 «Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші 3 «Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші 4 «Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші 5 «Арулар асыл жандар» атты кездесу кеші 6

2017 жылы 6 наурыз күні, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар - асыл жандар» атты Қазақстан Республикасының белгілі спорт шеберлері: киокушинкай - кан карате Бүкіләлемдік спорт шебері, қара белдік иегері, 2015 жылы Токио Жапон қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2016 жылы Гуанджоу Қытай қаласында өткен ХVІ Азия ойындарының чемпионы Әлемгүл Нұрланқызы Сабырхан және қазақ күресі спорт ойындары бойынша Астана қаласы «Бәйтерек» турнирінің күміс жұлдегері, Қазақстан Республикасы жастар арасындағы жарыстың қола иегері, Ақмола облысының бір неше дүркін чемпионы Жанар Шавкатқызы Тағаевамен кездесу кеші өтті.

Іс-шара мақсаты: нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, жас ұрпағымызды оларға деген ізгі ниеттерін көрсетіп, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Кештің қонақтары: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенқызы; Көкшетау қаласы Балалар музыкалық мектебінің оқушылыры ұстаздарымен, азаматтық қорғаныс кәсіпсалалы колледжінің студенттері және оқытушылары. Кештің барысында Балалар музыкалық мектеп шәкірттері көрермен қауымды ән-шашу, құттықтауларымен қуантты.

Яндекс.Метрика

A+AA-