Абылай ханның портреті
Майлы бояумен сурет салу техникасында орындалған Абылай ханның портреті. Сурет жылы түстермен және динамиканың жоқтығымен сипатталады. Суретші әміршінің мінезі мен «көңіл-күйін» жеткізе білген. Туынды мөлдірету техникасында орындалған, бұл бірінің үстіне бірін мөлдіретіп жаққан бояулармен сипатталады. Осының арқасында түстер бір бірімен тығыз байланысқан. Ханның қолына суретші асатаяқ (патшалық өкімет белгісі) бейнелеген. Туындының экспрессивті түстері бірте-бірте градацияланып, бөлшектерге зор зейін бөлінген. Суретші өрнеткердегі шағын бөлшектерге дейін барлық элементтерді салған. Қоспанов Д.А.
Құрылған күні: 10.04.2019 18:44
Жаңартылған күні: 10.04.2019 18:44
Қаралым саны: 5103