25-26 сәуір күндері Атырау қаласында «Саз пернелі Сарайшық» атты Халықаралық фестиваль өтті
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері Изанова Гульден Камакайқызы, Агубаева Гуляим Назымбекқызы, Жакупова Дәмелі Тайғарқызы, Айдарбекова Әйгерім Бауыржанқызы Атырау облысының ОХШОның шақыруы бойынша «Саз пернелі Сарайшық» атты Халықаралық фестиваліне келді. Фестивальдің бірінші күні Атырау облысының киелі жерлерін тамашалады.
«Саз пернелі Сарайшық» фестивалінің екінші күнінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Атырау облыстары өз экспозицияларын ұсынды. Музей қорындағы тұпнұсқа жәдігерлерін (XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы әйелдің қазақ ұлттық киімі және қазақтың ұлттың музыкалық аспабы домбыраның 7 түрі) Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі ұсынды. Барлығы 30 экспонат.
Фестиваль аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясын Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев тамашалады. Нұрлан Асқарұлы музей делегациясына фестивальге қатысқаны үшін алғыс білдіріп, көрмеде ұсынылған бірегей жәдігерлерді атап өтті.
Құрылған күні: 29.04.2019 12:12
Жаңартылған күні: 29.04.2019 12:12
Қаралым саны: 1912