1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап бірлік, келісім және бейбітшілікті сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Көптеген елдер үшін Қазақстан келісім мен бірліктің үлгісі болды. Республиканың барлық жетістіктерінде бірегей мемлекеттік мекеме – Қазақстан халқы Ассамблеясының айтарлықтай үлесі бар.
1995 жылғы 18 қазандағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні болып жариялау туралы жарлығына қол қойылды. Қазақстанда мереке 1996 жылдан тойлана бастады.
Біздің елімізде тұрып жатқан түрлі этностардың салт-дәстүрлерін, тілін, мәдениетін дамыту және сақтау үшін мемлекетпен жағдайлар жасалуда.130-дан астам өкілдерінің әрқайсысы өзінше ерекше.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музей коллекциясында өлкеміздің көпұлттық тұрмысы мен мәдениетіне байланысты жәдігерлер сақталады.
Құрылған күні: 29.04.2019 12:15
Жаңартылған күні: 29.04.2019 12:15
Қаралым саны: 1815