Егіндікөл ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі
3 мамыр күні Ақмола облысының Егіндікөл ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрменің ашылу салтанатында Егіндікөл аудан әкімінің орынбасары Кубжетерова Алтыншаш Арынғазықызы және аудан мәслихатының хатшысы Әбілов Бегендік Қуандықұлы құттықтау сөздерін жолдады. «Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Сұңғатқызы Құнанбаева баяндап берді. Экскурсовод Айгерім Бауыржанқызы Айдарбекова көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді. Осы көрме аудан тұрғындарына өлкеміздің мәдениеті мен тарихының тұңғиығына бөленуге мүмкіндік береді.
Құрылған күні: 04.05.2019 16:53
Жаңартылған күні: 04.05.2019 16:53
Қаралым саны: 2187