Ынтымақтастық туралы келісім
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің тарих факультеті және Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған Келісім екі жақтың ғылыми байланысын кеңейтеді, бірлескен ғылыми іс-шараларды және экспедицияларды өткізуге мүмкіндік береді. 2017 жылдың мамыр – маусым айларында музейдің қызметкерлері тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.К. Хабдулинаның жетекшілігімен ұйымдастырылатын археологиялық экспедицияға қатысуға жоспарлап отыр.
Құрылған күні: 14.03.2017 3:00
Жаңартылған күні: 14.03.2017 14:12
Қаралым саны: 2153