5 маусым күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлеріне «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музей филиалының аумағында Ұлыбританиядан келген қонақтармен кездесуге бірегей мүмкіндігінің сәті түсті
5 маусым күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлеріне «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы музей филиалының аумағында Ұлыбританиядан келген қонақтармен кездесуге бірегей мүмкіндігінің сәті түсті. Олар Археология, архезоология профессоры және палеоэкономист Алан Отрэм, Ұлыбританияның Эксетер Университетінің «Адам – жануар - қоршаған орта» орталығының Айви Джей Оуэнс, Карина Рапп, Ингрида Чичюркайте, Изабелла Берк ғалымдары, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры (ҚР ВАК), ҚР АШМ корреспондент-мүшесі, ХХ ғасырдың сенсациялық археологиялық жаңалықтарының бірі - Ботай мәдениетінің авторы Зайберт Виктор Федоровичпен кездесті.
Кездесу барысында археологиялық зерттеулер саласындағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. «Ботай» елді мекеніндегі заманауи археологияны зерттеуге ерекше көңіл бөлінді.
Құрылған күні: 06.06.2019 9:36
Жаңартылған күні: 06.06.2019 9:36
Қаралым саны: 1820